Конфедерация Кубогі. Италия Мексикадан басым түсті

Конфедерация Кубогі. Италия Мексикадан басым түсті

Футболдан Италия құрамасы Конфедерация Кубогі аясында Мексика құрамасынан басым түсті.

А тобында екінші кездесу Рио-де-Жанейродағы атақты «Маракана» стадионында өтіп, 2-1 есебімен Чезаре Пранделли шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудегі есепті 27-минутта Италия құрамасы үшін өзінің жүзінші кездесуін өткізген «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Андреа Пирло ашты. Дегенмен, арада жеті минут өткенде Хавьер Эрнандес онбір метрлік айып тобынан мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал Италия құрамасына жеңісті Марио Балотелли алып берді. Ол ойынның 78-минутында нәтижелі соққымен есепті 2-1-ге жеткізді.

Айта кетейік, енді Италия құрамасы келесі кездесуін 19 маусым күні Жапония құрамасына қарсы өткізеді. Дәл сол күні Мексика құрамасы алаң қожайындары Бразилия құрамасымен жолығады.

Мексика — Италия 1:2

Голдар: Х.Эрнандес, 34 (с пенальти) — Пирло, 27, Балотелли, 77

Мексика: Коронеа, Флорес, Родригес, Морено, Салсидо, Торрадо, Завала (Хименес, 86), Акино (Мьер, 53), дос Сантос, Гуардадо, Х.Эрнандес

Италия: Буффон, Абате, Барцальи, Кьеллини, Де Шильо, Де Росси, Пирло, Монтоливл, Джаккерини (Аквилани, 88), Маркизио (Черчи, 68), Балотелли (Джилардино, 86)

Ескерту алғандар: Морено, дос Сантос — Барцальи, Балотелли, Де Росси

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: football.ua

Ю. НИКУЛЛИН