Конфедерация кубогі. Испания турнирді жеңіспен бастады

Конфедерация кубогі. Испания турнирді жеңіспен бастады

Футболдан Испания құрамасы Бразилия жерінде өтіп жатқан Конфедерация кубогінің алғашқы кездесуінде Уругвай құрамасымен кездесіп, 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі екі голды да Испания құрамасы ойынның бірінші бөлігінде соқты. Алдымен 20-минутта «Барселона» командасының шабуылшысы Педро Родригес жойқын соққысымен есепті ашса, арада он екі минут өткенде «Валенсия» клубының бас мергені Роберто Сальдадо есепті 2-0-ге жеткізді.

Ал Уругвай құрамасындағы жалғыз голдың авторы – «Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Суарес. Ол ойынның 88-минутында тамаша айып соққысымен Икер Касильяс қорғаған қақпаның саңылауын тапты. Айта кетейік, бұл құрамалардың арасындағы кездесуде үздік ойыншы болып «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста атанды.

Енді бұл командалар келесі кездесуін 20 маусым күні өткізеді. Испания құрамасы Таитимен ойнаса, Уругвай құрамасы Нигерия құрамасымен күш сынасады.

Испания — Уругвай 2:1

Голдар: Педро, 20, Солдадо, 31 — Суарес, 88

Испания: Касильяс, Альба, Рамос, Пике, Арбелоа, Иньеста, Бускетс, Хави (Мартинес, 76), Педро (Мата, 80), Солдадо, Фабрегас (Касорла, 65)

Уругвай: Муслера, Касерес, Годин, Лугано, М.Перейра, Родригес, Гаргано (Лодейро, 63), Перес (Форлан, 69), Рамирес (Гонсалес, 46), Кавани, Суарес

Ескерту алғғандар: Пике, Арбелоа — Кавани, Лугано

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН