Қазақстан футбол құрамасы күз айында Испанияға қарсы матч өткізуі мүмкін

Қазақстан футбол құрамасы күз айында Испанияға қарсы матч өткізуі мүмкін

Қазақстан футбол құрамасы 2013 жылдың күз айында Испанияға қарсы мачт өткізуі мүмкін. Әлем және Еуропа чемпионынан бөлек, еліміздің ұлттық құрамасымен кездесуі мүмкін командалардың арасында Италия, Франция және Голландия құрамалары бар, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы ҚФФ кезекті конференциясында федерация президенті Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. 

"Биылғы жылы Қазақстанның футбол Федерациясы өткізетін маңызды турнирлер мен матчтардың барлығы да Қазақстан футболының жүз жылдығына арналады. Оған "ҚР Президенті Кубогы" жолындағы турнирі және Ұлттық құраманың жолдастық кездесулері кіреді. Біз осы қазақстандық футбол мерекесіне байланысты бірнеше шаралар ұйымдастырмақпыз. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - Қазақстан футбол жанкүйерлеріне арналған үлкен сый болып отыр. Қазіргі кезде біз күз айында Астана қаласында еліміздің құрамасымен кездесуі мүмкін Еуропаның жетекші құрама командаларымен келісім жүргізудеміз. Олардың ішінде Испания, Италия, Франция және Голландия құрамалары бар",-деп мәлімдеме жасады Әділбек Жақсыбеков. 

ҚФФ отырысына құрметті қонақтар ретінде УЕФА атқарушы комитетінің мүшесі Сергей Фурсенко мен футболдан Ресей премьер-лигасының президенті Сергей Прядкин қатысты. 

 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alaman.kz

Б. Қосмағамбет