Футбол әлемінің соңғы жаңалықтары

Футбол әлемінің соңғы жаңалықтары

Лионель Месси Буэнос-Айресте жаңа шаш үлгісін қойса, Лос-Анджелесте Жерар Пике мен Шакира сауық құрып жүр. Футбол әлемінің өзге де жаңалықтары:

"Монаконың" көздегені - Терри

The Telegraph хабарлауынша, 32 жастағы "Челсидің" орталық қорғаушы Джон Терриге  "Монако" командасы қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Ресей бизнесмені Дмитрий Рыболовлевтің иелігіндегі француз клубы қорғаныс шебін күшейту мақсатында "ақсүйектердің" ойыншысына 7 миллион фунт стерлинг ұсынуға дайын. Және лондондық клуб та ауыс-түйіске қарсылық көрсетпек емес.

Айта отырсақ, Терридің "Челсимен" арадағы келісімшарты ендігі жылы бітеді. Сонымен қатар, "Ливерпуль" қорғаушысы Даниэль Аггер де "Монаконың" сапына ауысып қалуы мүмкін.

 "Шахтер" Фернандиньюды босатты

"Шахтер" командасының жартылай қорғаушысы Фернандинью жақын уақыттарда "Манчестер Ситидің" жидесін киіп қалуы мүмкін. Қазіргі таңда аталған ойыншының трансферлік құны 40 миллион фунт стерлингке бағаланып отыр.

Хабарланып отырғандай, арадағы келісімшарт бітуге таяп қалған.

Франция құрамасының қорғаушысы өз еркімен "Барселонаға" ауыспақ

Франция мен "Валенсия" клубының 27 жастағы орталық қорғаушысы Адиль Рами "Барселона" сапына ауысуға тілек білдірген. Бұл туралы sport.es ақпар таратуда.

Аталған клубқа бас бапкер болып тағаайындалған Мирослав Джукич жаңа маусымда орталық қорғаушының өнеріне иек артпайтынын мәлімдеген. Содан болса керек, "Валенсия" басшылығы Рамиді 10 миллион еуроға сатып жібермекші.

Француз қорғаушысы Испанияның 2012/13-маусымында  25 ойын өткізіп, екі жолы сәтті пас шығарып бере алған.

Фернандо Торрестің орнын Ибрагимович баспақ

"ПСЖ" командасының 31 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович "Челси" басшылығының назарына ілінді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

"Ақсүйектердің" жаңа бапкері Жозе Моуринью шабуыл шебін күшейту мақсатында аталған ойыншының ойын өрнегіне қызығушылық білдірген.

Ертеректе португалдық маманның испан шабуылшысы Фернандо Торреспен қош айтысатыны мәлім болып келген еді. Енді таяуда Торрестің орнын Ибрагимович басуы қалуы әбден мүмкін.

"ПСЖ" командасының бас бапкері Карло Анчелоттиді Испанияға қоныс аудартып қойғандар бар. Ал мұндай жағдайда швед ойыншысы ойлануға тура келетінін жасырмаған.

Ибрагимович Франция чемпионатының 2012/13-маусымында 34 ойынға қатысып, 30 гол соғып, әріптесіне 10 сәтті пас шығарып берген.

Айтпақшы,  швед сұрмергені бір кездері "Интер" сапында жүріп Моуриньюмен аз уақытқа бірлесе жұмыс жасаған болатын.

"Тоттенхэм" Бенитес үшін 10,5 миллион ұсынуда

The Telegraph хабарлауынша, "Тоттенхэм" клубы 27 жастағы эквадорлық шабуылшы Кристиан Бенитес үшін мексикандық "Америкамен" арада келісімшарт жүргізіп жатқанқа ұқсайды.

Өз кезегінде, мексикандық клуб осы бір ойыншы үшін 10,5 миллион фунт стерлинг сұрауда.

Футболшының өзі де Еуропаға қайтып оралғысы келетінін алға тартқан. Бұрындары Еуропада жүріп "Бирмингем" сапында тер төккен.

Бенитес Мексика чемпионатының 2012/13-маусымында 26 ойын өткізіп, 19 гол соғып, әріптесіне жолы сәтті екі пас шығарып беріпті.

Cурет: prosportkz.kz; sport.1tv.com.ua; sports.ru; footballhd.ru  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига