Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Болгария құрамасына да күшіміз жетпеді

Болгария құрамасына да күшіміз жетпеді

Болгария құрамасына да күшіміз жетпеді

Мирослав Беранек баптайтын футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу аясында Алматының орталық стадионында  Болгарияны қабылдап, 1-2 есебімен ұтылып қалды.

Ойынның басы шиеленісті басталды. Қос командада жылдам гол салу мақсатында бір-бірінің айып алаңына лап қойған. Дегенмен, бірінші таймның орта бөлігінде қонақтар ойындағы үстемдікті өз қолдарына алды. Сидельников қорғаған қақпадан да саңылау тапқан еді. Бірақ қонақтардың шабуылшысы ойыннан тыс қалуы себебінен бұл гол есептелмеді. Бірінші тайм бойы екі команда алма-кезек соққылармен алмасқанымен, есеп ашылмады.

Екінші тайм басталғанда, Беранек алаңға Сидельниковтың орнына Мокинді шығарып, Нұрғалиевті Шомкоға, Хижниченконы Гридинге ауыстырды. Бірақ бұл Қазақстан құрамасының ойынына ешқандай әсер етпеді десе де болады. Болгария құрамасының шабуылдарының бірінде біздің орталық қорғаушы қақпаға жақын жерден ойын тәртібін бұзды. Ал Георги Илиев айып соққысын тамаша орындап, есепті ашты. Арада екі минуты өтпей жатып, Иванов есепті еселеді. Бұл жолы да біздің орталық қорғаушылар мен қақпашының кінәсі болды голда. Таблодағы есеп 0:2-ге жеткенде Беранек бапкер шабуыл шебін үдетпек болып, алаңға «Қайрат» ойыншысы Недашковскиді шығарған. Ол бапкер сенімін ақтады. «Қайрат» футболшысының алғашқы жасаған шабуылы қақпа бағанасына тиіп, кейін серпілген. Тың күшін сақтаған ойыншы 88 минутта Шомкоға әдемі пас шығарып берді. Ал бұл пасты жас ойыншы тамаша пайдаланып, құрамадағы алғашқы голын салды. Кейін төреші қосымша бес минут қосқанымен, біздің жігіттер есепті теңестіре алмады.

Қазақстан — Болгария 1:2 (0:0) 
Голдар: Илиев Г. 57 (0:1), Иванов 60 (0:2), Шомко 88 (1:2)
Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко (Недашковский 67), Мулдаров, Гурман, Нұрдәулетов (Шахметов 85), Қонысбаев (Шабалин 73) , Дмитренко, Хижниченко (Гридин 46), Нұрғалиев (Шомко 46), Коробкин
Болгария: Илиев П., Минев В., Минев Й., Александров, Иванов, Дяков, Гаджев, Илиев Г. (Златинский 75), Манолев (Делев 71), Божинов (Мицанский 55), Попов
Төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан)
4 маусым. Алматы. Орталық стадион.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

1089 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 12:48
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 12:15

бразилиялықтармен немесе испандармен ойнап, доп ала алмай жүрсе түсінуге болады. Өздері секілді болгарлардың ортасында бір-біріне жөні түзу бір пас бермеді ғой. Анау Мокинді неге шығарды десеңізші?! ...Гол соқпаса да жақсы ойнап, намысқа тырысуға болатын еді ғой, Әлгі шыққан екі қазағымыз да жерге қаратып кетті. Бәрінен бұрын, доп тасып жүрген кішкентай балалардан ұят болды. Енді өсіп келе жатқан балалар қандай оймен қайтты екен. Әй, орыс ойнайтын қазақ футболы!

+0
05 маусым 2013, 13:06

Бұл жолы жеңетін шығар деп ойлаған едім, Өкінішті

+0
05 маусым 2013, 13:12

Қазақстан құрамасы футболдан как всегда отстой и будет всегда

+0
05 маусым 2013, 15:01

Мен кеше футболды стадионда отырып көруге өмірімде бірінші рет бардым. Қазақстанға жанкүйер болу үшін ғана. Стадионның бір-екі орны болсын, бос тұрмасын деп бардым. Біздің футболшылардың рухы көтерілсін деп келдім бір кісіні сүйрелеп. Сөйтіп, ашық тұрған қақпаға гол соға алмайтындарды бірінші рет көрдім. Менің ана ауылдағы інімнің өзі ашық қақпаға голды зууу еткізер бұлардың қасында. Тебетін голдары қисық кете ме, әлде өздері қисық кетсін деп әдейі сөйте ме, басым жетпеді. Болгария болса, оп-оңай-ақ голдарды ызғытып жатыр. Біздікілер болса, жүр әйтеуір. Анда-санда ұят болмасын деп жүгіріп-жүгіріп қояды. Секіріп-секіріп қояды. Допты түртіп-түртіп қояды. Олар үшін (Қазақстан құрамасы) өзің ұялады екенсің. Өзің жерге қарайды екенсің...

+0
05 маусым 2013, 15:32

Қазақстандықтар өмірі жеңіліп қалады ғо,осы..... :(

+0
05 маусым 2013, 16:52

e ееееееееееееее озимизбен тен командадан утылгасын неболсын :( :roll:

+0
07 маусым 2013, 00:13

Әй қазағым ай,тағы жеңілдің ау ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...