Неймар: «Роналду менің «Реалға» ауысқанымды қалады»

Неймар: «Роналду менің «Реалға» ауысқанымды қалады»

Каталониялық "Барселонаның" қатарына енді ғана қосылған атышулы Неймар "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду өзін бірнеше рет мадридтік клубқа шақырғанын мәлімдеді. 

Ал футбол әлеміне осыдан бірнеше күн бұрын "Неймар қайда ойнайды?" деген сұрақ маза бермеген еді.  

Ал әлемдік баспасөз бразилиялық жарық жұлдызды "Барселона", "Реал" мен "Баварияға" да апарып тастады. Бірақ ол соңында ақыры каталониялық клубты таңдады. Ол бүгін Испания чемпионымен 5 жылдық келісімге қол қояды деп күтілуде. 

"Марсело, Кака, Роналду... Тағы басқа да көптеген футболшылар маған "Реалмен" келісім-шарт жасасуды ұсынды. Бірақ мен жанұяммен ойлана келе, каталониялық клубты таңдадым. Мен Еуропада ойнауды армандадым. Осы жолды таңдап алғаныма қуаныштымын. Ең басынан үздік ойынымды көрсету үшін мен жаңа командама тезірек бой үйретуім керек. Лионель Месси сияқты футболшымен ойнау мен үшін үлкен абырой",-дейді Неймар сөзіне сілтеме жасаған Goal.com.

Айта кету керек. "Барселона" биылғы жылы 100 ұпай иеленіп, Испания чемпионы атанған еді. Сондай-ақ ол ел кубогы мен чемпиондар Лигасының ширек финалына дейін жетті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Б. Қосмағамбет