Вальдес "Барселонада" қалатын болды

Вальдес "Барселонада" қалатын болды

Француздың 1 Лигасына қайта оралған «Монако» командасы қақпашылық шепке күшейтудің қажет еместігін сылтау ете отырып каталондық "Барселонаның" қақпашысы Виктор Вальдестен бас тартпақшы.

Естеріңізге сала отырсақ, таяуда ғана Вальдестің 15 млн еуроға "Монакоға" ауысатыны жайында ақпар тарап еді.

Вадим Васильев, «Монако» командасының спорт директоры:

- Дәл қазіргі таңда "Монакоға" қақпашы қажет емес. Даниэль Субашичтің қақпашылық шеберлігіне команданың бас бапкері Клаудио Раньеридің көңілі толады.

Ал Виктор Вальдес бүгінгі таңда келісімшарттың уақыты біткенше "Барсада" қала беретіні туралы мәлімдеме жасаған. Каталондықтармен қоштасу кешін өткізіп үлгерген қақпашы енді сәтте қалғанды жөн көріп отыр.

Виктор Вальдес, "Барселона" командасының қақпашысы:

- Моральдық тұрғыда қатты шаршадым. Бірақ, "Барсамен" арадағы келісімді соңына дейін өтеуге дайынмын... Жаңа келісімшарт ұсынып отырған клубқа алғысым шексіз. Алайда, келесі маусымда "Барсаны" тастап кетпекпін. Сондықтан, менің орныма лайықты қақпашы табылғанға дейін уақыт жетерлік.

Сурет:port.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига