Торрес + 30 млн еуро = Кавани

Торрес + 30 млн еуро = Кавани

Лондондық "Челсидің" басшылығы қаншалықты қиынға түспесін, бар қолқаны сала отырып италиялық «Наполи» командасының шабуылшысы уругвайлық Эдинсон Каваниді сатып алмақшы. Бұл туралы Football Italia хабарлайды. 

Лондондық клуб Каваниді 30 млн еуроға бағалап отыр. Және де бас бапкерлікке келген Жозе Моуриньюдің ішкі есебіне қайшы келетін испандық шабуылшы Фернандо Торресті де қосып бермек. 

Айтпақшы, жақын күндері Жозе Моуринью ресми түрде «Челси» клубының жаттықтырушысы болып таныстырылады. 

Естеріңізге сала отырсақ, таяуда ғана «Наполидің» тізгіні Рафаэль Бенитес тиген-ді.

Каваниге құда түсушілердің арасында ағылшындық «Манчестер Ситидің» аты ерекше аталады.

сурет:www.calciomercato.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига