Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

«МЮ» Фабрегасты сатып алуға байланысты «Барсамен» келіссөз жүргізуде

«Манчестер Юнайтед» каталондық клубтың  жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегасті сатып алу жөнінде «Барселонамен» алдын ала келіссөздер өткізді деп хабарлайды ESPN.

«Юнайтедтің жаңа бапкері Дэвид Мойес ортаңғы шепті нығайтып, осы шепке кемінде екі ойыншы сатып алуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Мойестің басты мақсаты «Эвертондағы» бұрынғы шәкірті Маруан Феллайни мен «Барселонадағы» Тьяго Алькантара және бірінші кезекте Фабрегас саналады. Соңғы аталған екі ойыншы бойынша келіссөздер басталып та кетті.

Каталондық клуб Алькантараны «Олд Траффордқа» шамамен 18 миллион фунтқа жіберуге дайын деген сыбыс бар. Ал «Арсеналдың» бұрынғы капитанына қатысты келісім жайлы әлі ешнәрсе белгісіз.  

Ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, Фабрегасты ауысуға көндіру үшін Мойес аталған ойыншыға өз командасынан маңызды рөл бермекші. Сонымен қатар,  25 миллион фунт «Барселонаның» өз шәкіртімен қош айтысуына айтарлықтай ықпал етуі де әбден мүмкін.

Коло Туре «Ливерпуль» жейдесін киеді


«Ливерпуль» командаға «Манчестер Ситидің» және Кот-д’Ивуар құрамасының орталық қорғаушысы Коло Туренің ауысқанын ресми түрде хабарлады.

32 жастағы қорғаушы «қызылдарға» ресми түрде Манчестерлік командамен келісім-шарты аяқталған кезде яғни 1-шілде күні қосылады. Айта кетсек, Коло «Ливерпуль» тарихындағы ең бірінші ивуариялық ойыншы болмақ.

«Ситимен» де, «Арсеналмен» де Премьер-Лиганың чемпионы болған Туренің «Ливерпульдің» бас бапкері Брендан Роджерс осы маусымның соңында спорттық ғұмырын аяқтаған Джейми Каррагердің алмастырушысы ретінде көретіні анық.

Эшли Коул Англия құрамасының капитаны болды


«Челсидің» сол жақ қапталдағы қорғаушысы Эшли Коул Ирландияға қарсы өтетін жолдастық кездесуде Англия құрамасының капитандық міндетін атқарады.

Бұл 32 жастағы қорғаушының ұлттық құрама сапында 100 матчтық межені бағындырғанына сый болмақ. Бүгінгі кездесу Коул үшін 102-ойын болады.

«Уэмблиде» өтетін матч алдындағы баспасөз-конференцияда ағылшындардың бас бапкері Рой Ходжсон Коулдың капитан болуы – тек бір мәртелік екенін түсіндірді.

Айта кетсек, Англия құрамасы сапында 100 матчтық межені Коулдан басқа тек алты-ақ ойыншы бағындыра алған.

Бэйл «Реалмен» келіссөздер дүргізуге дайын


«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлдің агенті футболшының «Реалмен» келіссөздер жүргізуге дайын екендігі жайлы мәлімдеді.

БАҚ өкілдері арасында сыбыстарға қарағанда, 23 жастағы ойыншы «Барселонаның» Неймарды сатып алуына «Реалдың» қарсы жауабы болуы мүмкін. Агенттің айтуынша, мадридтік клубпен келіссөздерді бастау Бэйл үшін құрмет.

«Егер кімде-кім Бэйлге қызығушылық танытса, ол біз үшін үлкен құрмет. Біз ұсыныстарға құлақ асуға дайынбыз. Бірақ, әзірге ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқанымыз жоқ». 

«Бэйл Неймардан мықты. Және оны дәлелдеп те берді. Ол өзін әлемнің ең үздік лигасында көрсетті. Неймардың қанша тұратынын ескерсек, Гарет Бэйл одан да қымбат тұрады», - дейді агент Джонатан Барнет Marca TV-ға берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: football.ya1.ru, vesti.kz, chelsearus.com, football.football.ua 

1294 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 29 мамыр 2013, 17:22
Пікірлер
+0
29 мамыр 2013, 23:29

Бэйл реалмен келіссөз дүргізуге дайын :D :D не деген қателік

+0
30 мамыр 2013, 14:43

Коло қош келдің шал!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...