Конфедерация Кубогі: Уругвай кеңейтілген құрамын жариялады

Конфедерация Кубогі: Уругвай кеңейтілген құрамын жариялады

Футболдан Уругвай құрамасының бас бапкері Оскар Табарес Конфедерация Кубогіне қатысатын футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Уругвай командасының толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Муслера («Галатасарай», Түркия), Сильва («Олимпия», Парагвай), Муньос («Либертад», Парагвай); 

Қорғаушылар: Скотти («Насьонал»), Вальдес («Пеньяроль»), Лугано («Малага», Испания), Годин («Атлетико», Испания), Коатес («Ливерпуль», Англия), Касерес («Ювентус», Италия), Альваро Перейра («Интер», Италия), Максимилиано Перейра («Бенфика», Португалия), Аквиррегарай («Пеньяроль»); 

Жартылай қорғаушылар: Сильва («Олимпия», Парагвай), Гонсалес («Лацио», Италия), Риос («Палермо», Италия), Гаргано («Наполи», Италия), Перес («Болонья», Италия), Эгурен («Либертад», Парагвай), Лодейро («Ботафого», Бразилия), Родригес («Атлетико», Испания), Рамирес («Саутгемптон», Англия), Кастро («Реал Сосьедад», Испания); 

Шабуылшылар:  Кавани («Наполи», Италия), Суарес («Ливерпуль», Англия), Диего Форлан («Итернасьонал», Бразилия), Эрнандес («Палермо», Италия), Стуани («Эспаньол», Испания).

Айта кетейік, Конфедерация Кубогінің алдында Уругвай құрамасы 5 маусым күні Франция құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Осы ойыннан кейін, құраманың бас бапкері Бразилияға баратын 23 футболшының есімдерін толық атайтын болады.

Ал Конфедерация Кубогі аясында Уругвай құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Бұл топта Оскар Табарес шәкірттерінен басқа, Испания, Тайти, Нигерия құрамалары да бар.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: news.sport-express.ru

Ю. НИКУЛЛИН