Қазақстанға қарсы ойнатын Болгария құрамы белгілі болды

Қазақстанға қарсы ойнатын Болгария құрамы белгілі болды

Футболдан Болгария ұлттық құрамасының бас бапкері Любослав Пенев Қазақстанмен қарсы жолдастық кездесуге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.  

Сонымен Болгария құрамасының алдағы жолдастық кездесуге қатысуы мүмкін деген ойыншылардың толық тізімі мынадай:

Қақпашылар: Николай Михайлов («Твенте», Голландия), Владислав Стоянов («Лудогорец» Болгария), Пламен Илиев («Левски» Болгария), Михаил Иванов («Левски» Болгария).

Қорғаушылар: Илия Миланов («Литекс» Болгария), Александр Александров («Черно Море» Болгария), Иван Иванов («Партизан», Сербия), Георги Терзиев («Черноморец» Болгария), Петр Занев («Волынь» Украина), Веселин Минев («Ботев» Болгария), Йордан Минев («Лудогорец» Болгария), Станислав Манолев («Фулхэм» Англия), Радослав Димитров («Славия» Болгария).

Жартылай қорғаушылар: Владимир Гаджев («Левски» Болгария), Георгий Илиев («Черно Море» Болгария), Светослав Дяков («Лудогорец» Болгария), Георгий Миланов («Литекс» Болгария), Стефан Велев («Левски» Болгария), Христо Златинский («Локомотив» Болгария).

Шабуылшылар:  Спас Делев (ЦСКА Болгария), Эмил Гргоров («Лудогорец» Болгария), Илиан Мицанский («Ингольштадт» Германия), Валерий Божинов («Виченца» Италия), Ивелин Попов («Кубань» Ресей).

Айта кетейік, Қазақстан-Болгария ұлттық құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу 4 маусымда Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы — 20:00. Ал 27 мамырдан бастап бұл ойынға арналған билеттер сатылымға шығады. Билеттерді жанкүйерлер Алматының «Grand» дүкенінен, «Mega Center Almaty» ойын-сауда орталығынан, «Promenade» сауда орталығынан, «Достық» дүкенінен сатып ала алады.  Солтүстік және Оңтүстік трибунаға арналған билеттердің құны – 500 теңге. Шығыс трибунаға – 1000 теңге. Батыс трибунаға – 1500 теңге.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН