Конфедерация Кубогі. Мексиканың құрамы белгілі болды

Конфедерация Кубогі. Мексиканың құрамы белгілі болды

Футболдан Мексика ұлттық құрамасының бас бапкері Хосе Мануэль де ла Торре Бразилия жерінде өтетін Конфедерация Кубогіне қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Мексика футбол федерациясының ресми сайты хабарлайды.

Сонымен Конфедерация Кубогіне қатысатын Мексика командасының толық тізімі мынадай:

Қақпашылар: Очоа («Аяччо», Франция), Талавера («Толука»), Корона («Крус Асул»); 

Қорғаушылар: Родригес, Рейес (екеуі де – «Америка»), Мьер, Меса (екеуі де– «Монтеррей»), Нило («Тигрес»), Морено («Эспаньол», Испания); 

Жартылай қорғаушылар: Торрадо, Баррера (екеуі де – «Крус Асуль»), Молина («Америка»), Савала («Монтеррей»), Эррера, Рейна (екеуі де – «Пачука»), Сальсидо («Тигрес»), Гуардадо («Валенсия», Испания), Аквино («Вильяреал»); 

Шабуылшылар: Джованни дос Сантос («Мальорка», Испания), Хименес («Америка»), де Нигрис («Монтеррей»), Перальта («Сантос Лагуна»), Хавьер  Эрнандес («Манчестер Юнайтед», Англия)

Айта кетейік, Конфедерация кубогі аясында Мексика құрамасы А тобына түскен. Дода аясында Хосе Мануэль де ла Торре шәкірттері Италия, Жапония және Бразилиямен күш сынасатын болады. Ал оған дейін Нигерия, Панама, Коста-Рика, Ямайка секілді елдермен жолдастық кездесу өткізеді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: gazeta.ru

Ю. НИКУЛЛИН