Марио Гетце жаттығуын уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды

Марио Гетце жаттығуын уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды

Жарақатынан енді айыға бастаған чемпиондар Лигасының финалисті дортмундтық "Боруссия" клубының жартылай қорғаушысы Марио Гетце жаттығуды уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды.   

Гетце чемпиондар Лигасының жартылай финалы аясында "Реалға" қарсы өткен қарымта матчтың 14-минутында жарақат алып қалып, алаңды тастап кетуге мәжбүр болған еді. Кейін жартылай қорғаушының жамбас бұлшықеті жыртылып кеткені анықталды.

Жарақатынан айықтым деген ол жақында командамен бірге күнделікті жаттығуға кіріскен еді. Алайда біраз уақыттан соң оның жағдайы қайта қиындап, жаттығуды мезгілінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.  

Команданың дәрігері Маркус Браун футболшының денсаулығын қарап шығып, оны магнит-резонансты томографиядан өтуге жіберді. Ол тексеру ертең өтуі тиіс. Оның нәтижесі бойынша команданың бапкерлері мен медициналық штабы Гетценің мюнхендік "Баварияға" қарсы өтетін чемпиондар Лигасының финалдық матчына қатысу қатыспауы мәселесін шешеді. 

Естеріңізге салсақ, финалдық матч 25 мамыр күні Лондонның атақты "Уэмбли" стадионында өтеді. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

Б. Қосмағамбет