Қазақстан футзал құрамалары рейтингісінде үш сатыға жоғарылады

Қазақстан футзал құрамалары рейтингісінде үш сатыға жоғарылады

Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңарған Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингісінде үш сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Енді Какау баптаған біздің құрама 32-орынға жайғасты. Бір айта кетерлігі, еліміздің құрамасының осы нәтижеге жетуіне биылғы жылы УЕФА чемпиондар лигасының кубогын жеңіп алған "Қайраттың" сәттілігі еш себебін тигізбейді. 

Осы аралықта айта кетейік Қазақстан құрамасы бұрынғы кеңес елдері арасынан кейбір құрамалардан төмен орналасқан. 

Мысалы Ресей төртінші орында болса, Украина сегізінші, Азербайжан он үшінші, Өзбекстан жиырма екінші орындарға жайғасқан. Тек Қырғызстан ғана Қазақстаннан кейін орналасқан (37). Рейтинг басында Бразилия тұр. Одан кейінгі орындарда Испания мен Италия орналасқан. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет