Еуропа Лигасы. «Челси» – чемпион!

Еуропа Лигасы. «Челси» – чемпион!

Футболдан Еуропа алаңдарында бәсі жағынан екінші болып саналатын Еуропа Лигасында ағылшындық «Челси» командасы топ жарды.

Нидерландының астанасы Амстердам қаласындағы «Амстердам-Арена» атты стадионда Еуропа Лигасының финалдық ойынында лондодық «Челси» мен лиссабондық «Бенфика» командалары кездескен болатын. Шыны керек, матч алдында букмекерлік кеңселер де, футбол мамандары да бұл кездесуде «ақсүйектер» қиналмай жеңіске жетеді деген еді. Дегенмен, іс жүзінде мұны дәлелдеу Рафаэль Бенитес шәкірттеріне өте қиынға соқты.

Матчтың алғашқы 15  минутында алаңда тек жалғыз команда ойнағандай болды. Ол – «Бенфика». Десе де, Оскар Кардоса бастаған португалиялықтыр Петр Чех қақпасын қанша маңайласа да, чехиялық бағаны күзетшісінің иесіне бірде бір тура соққы бағыттай алмады.

Бірінші таймның орта тұсында «Челси» шамалы болса да өз-өзіне келгендей. Алдымен Оскар тепкен допты лиссанбондықтардың қақпашысы Артур қиналмай қайтарса, Фрэнк Лэмпардтың айып алаңның сыртынан тепкен допты қайтару үшін біраз тер төккені бар «Бенфиканың» қақпашысы.

Ойынның екінші бөлігін Жорже Жезуш шәкірттері ширақ бастады. Сәт сайын Нико Гайтан мен Оскар Кардоса өз мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты. Ал кездесудің 59-минутында матч бойы көзге түспеген испандық шабуылшы Фернандо Торрес ойламаған жерден есепті ашты. Чех өз айып алаңынан допты орталық алаңдағы Матаға асырды, өз кезегінде Хуан екі бірдей ойыншының ортасынан қия пасты Торреске берді. Ары қарай тек техниканың ісі болатын. Әрине, техника жағынан «Эль-Нино» осал емес. Есеп 0-1.

Шабуыл шебіндегі ойыншыларының тым сылбыр қимылдағанын байқаған Жезуш бапкер 65 минуттарда алаңға тыңнан Ола Джон мен Родриго Лиманы шығарды. Тап осы екі ойыншылар шыққаннан бастап «Бенфика» шабуылының өрісі де кеңи түсті. 69-минутта Нико Гайтанның тепкен добы «Челси» қорғаушысы Аспиликуэтаның қолына тиді. Ал кездесудің бас төрешісі Бьерн Куйперс еш ойланбастан он бір метрлік айып тобын тағайындады. Нүктеге келген Кардоса айып добын тамаша орындап, есепті теңестірді 1-1.

Көптеген жанкүйерлер негізінен бұл ойында қосымша уақыт болады деген де шығар. Дегенмен, матчтың негізгі уақытына қосылған 3 минутта «Челси» жеңісті жұлып алды. Бұл жолы бұрыштан асырылған допқа бірінші болып жеткен Бранислав Иванович Артур қақпасының осал тұсын тапты. Есеп – 1-2. «Ақсүйектердің» пайдасына.

«БЕНФИКА» (ПОРТУГАЛИЯ) – «ЧЕЛСИ» (АНГЛИЯ) 1:2 (0:0).

Амстердам. «Амстердам Арена».

Бас төреші: Бьорн Кейперс (Голландия).

Голдар:Торрес 54 (0:1), Кардосо 68 минутта пенальти арқылы (1:1), Иванович 90 (1:2).
Сары қағаз алғандар: Оскар 14, Гарай 45, Луизао 62 «Бенфика» (Португалия):

«БЕНФИКА» (Португалия)

Қақпашы:Артур.
Қорғаушылар:Андре Алмейда, Луизао, Эсекель Гарай 78 (Жардел), Лоренцо Мельгарехо 66 (Ола Джон).
Жартылай қорғаушылар:Неманья Матич, Родриго 66 (Лима), Энцо Перес.
Шабуылшылар:Эдуардо Сальвио, Оскар Кардосо, Николас Гайтан.

Бас бапкері: Жорже ЖЕЗУШ

 «ЧЕЛСИ» (Ағылшын):

Қақпашы:Петр Чех.
Қорғаушылар:Эшли Коул, Гари Кэхилл, Бранислав Иванович, Сесар Аспиликуэта.
Жартылай қорғаушылар:Фрэнк Лэмпард, Давид Луис, Рамирес, Оскар, Хуан Мата.
Шабуылшы:Фернандо Торрес.
Бас бапкері: Рафаэль БЕНИТЕС

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай