Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Еуропа Лигасы. «Қырандар» мен «ақсүйектер» Кубокты сарапқа салады

Еуропа Лигасы. «Қырандар» мен «ақсүйектер» Кубокты сарапқа салады

Еуропа Лигасы. «Қырандар» мен «ақсүйектер» Кубокты сарапқа салады

Бүгін футболдан кәрі құрлықтағы деңгейі жағынан екінші болып саналатын Еуропа Лигасының финалдық кездесуі өтеді.

Нидерландының астанасы Амстердам қаласындағы «Амстердам-Арена» стадионында лондондық «Челси» командасы мен португалиялық «Бенфика» командалары кім мықтыны анықтайтын болады.

Негізінен бұл қос команда алғашқы рет кездескелі жатқан жоқ. Былтыр Чемпиондар Лигасының аясында «Челси» «Бенфикадан» екі ойынның қорытындысы бойынша ұтып кеткен болатын. Сондықтан да биыл португалиялық «қырандар» қалай да есе қайтарамыз деп отыр.

«Еуропа Лигасын жеңсек, команданың тарихына тағы да бір керемет беттерді қосатын боламыз. Финалға шыққанымыз жақсы көрсеткіш. Бірақ, осыншама жол жүріп, финалда жеңіліп қалғанымыз ойыншылар үшін де басшылар үшін де жоспарға енбеген жәйт. Сол себепті де, бүгінгі финалда біз бар күшімізді салып ойнайтын боламыз. «Челсиді» оңай шағылатын жаңғақ дей алмаймын. Десе де, мен қарсыластардың осал тұстарын мұқият зерттедім. Шәкірттеріме де айттым. Енді нәтижесі қандай болатынын бүгін байқайтын боламыз», - дейді «Бенфика» командасының бас бапкері Жорже Жезуш.

«Мен қарсыластарымды жақсы білемін. Өйткені, «Ливерпульді» жаттықтырғанда, бұл командамен бірнеше мәрте жолықтым. Сонымен қатар, мен португалиялықтардың бас бапкері Жорже Жезушты да жақсы білемін. Оның үстіне, қарсыластарымыз жайлы «Бенфикада» бұрын ойнаған, бүгінде «Челсидің» намысын қорғап жүрген ойыншылар Рамирес пен Давид Луис біршама ақпарат айтып берді. Сондықтан да бізде қарсылас туралы мәліметтер жеткілікті. Енді алдағы ойынға тактиканы дұрыстап құрып, жігіттердің жігерін арттыру қажет. Сонда біз жеңіске жетеміз деп ойлаймын», - дейді «Челси» командасының бас бапкері Рафаэль Бенитес.

Бүгінгі «Челси» мен «Бенфика» арасындағы кездесуге 40-жасар нидерландылық қазы Бьерн Кейперс қазылық ететін болады. Бас қазыға алаң жиегінде Садер ван Рукел және Эрвин Зейнстра сынды көмекшілері көмектеседі.

Айта кетейік, Еуропа Лигасының финалдық кездесуі Астана уақытымен түнгі 00,45-те басталады.

 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: ru.uefa.com

953 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 15:04
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 14:49

Бенфиканың ешқандай ойынын көрмеппін. Челсиді көрдік қой былтыр, биыл ойындарын көрмедім. Бәрі Челси Чемпион деп жүр, анығын бүгінгі ойыннан кейін айтамын десе я))

+0
15 мамыр 2013, 14:52

Торрес өнерінді көрсет

+0
15 мамыр 2013, 17:05

Бүгін Торрестің жұлдызы жанатын күн. Әйтсе де, деңгейі төмен ойын болмақ

+0
15 мамыр 2013, 17:35

бенфика алады кубокты челси биыл өшіп қалды бірақ сонда да челсиге тіктім :D

+0
16 мамыр 2013, 10:44

ұтысын құтты болсын Жалғас!!!!! :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев