Агуэро "Барсаға" баруы мүмкін

Агуэро "Барсаға" баруы мүмкін

Испан басылымдары жарыса жазып жатқандай, ағылшындық "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы аргентиналық Серхио Агуэро "Барселона" сапына ауысып қалуы мүмкін.

Бұл арадағы ауыс-түйіс Неймардың "Сантостан" кету-кетпеуіне де тығыз байланысты. Бразилиялық ойыншы жаз айына кейін каталондықтардың сапынан табылмайтын болса, онда... Марадоннаның күйеу баласы Мессимен бір қатарда ойнамақ.

Агуэро бұған дейін де біршама жыл Испан біріншілігінде жасындай жарқылдап, өз командасының арқасүйері болып келген-ді. Ол жағынан алғанда каталондықтардың ойын мәнеріне еш қиындықсыз үйлесіп кетері сөзсіз. Сонымен сол қатарда Серхио Агуэро Мессидің ең жақын досы саналады.

Испан басылымдары жарыса жазып жатқандай, "Барсаның" шабуыл шебі аргентиналық ойыншымен толығып қалуы әбден мүмкін.

Жақында ғана Серхио Агуэро Лионель Мессидің ұлы Тиаго Мессиға Аргентина командасының спорттық киімін сыйға тартқан болатын.

 

сурет:www.bbc.co.uk 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек


Л. Лига