Ағылшын біріншілігінің “Жыл құрамы” жарияланды

Ағылшын біріншілігінің “Жыл құрамы” жарияланды

Футболдан ағылшын біріншілігінің 2012/13 жылғы маусымның символикалық құрамы жарияланды.

 Бұл тізімде Англияның су жаңа чемпиондары атанған “Манчестер Юнайтед” командасының төрт бірдей ойыншысы бар. Сэр Алекс Фергюссон баптайтын “қызыл сойқандардың” сапынан үздіктердің қатарында қақпашы Давид де Хеа, қорғаушы Рио Фердинанд, жартылай қорғаушы Майкл Кэррик және шабуылшы әрі биылғы АПЛ-дың үздік сұрмергені Робин ван Перси бар екен. Сондай-ақ бұл тізімге “Челси” және “Тоттенхэм” командаларының екі ойыншысы еніп отыр.

Жалпы,  2012/13 жылғы маусымдағы ағылшын біріншілігінің символикалық құрамы мынадай: қақпашы Давид де Хеа (Манчестер Юнайтед);  қорғаушылар: Рио Фердинанд (Манчестер Юнайтед), Пабло Сабалета ("Манчестер Сити"), Лейтон Бейнс ("Эвертон"), Ян Вертонген ("Тоттенхэм"); жартылай қорғаушылар: Майкл Кэррик (Манчестер Юнайтед), Хуан Мата, Эден Азар (екеуі де - "Челси"), Гарет Бэйл ("Тоттенхэм"); шабуылшылар: Робин ван Перси (Манчестер Юнайтед) және Луис Суарес ("Ливерпуль").

Айта кетейік, үздік футболшылардың тізімін Англия футбол қауымдастығы (PFA) жасаған. Ал тізімнен жыл құрамына енетін футболшыларды ағылшын бірішілігінде өнер көрсететін ойыншылардың өздері таңдаған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

 

 

Ю. НИКУЛЛИН