20 жасар жігіт "Баварияға" ауысты

20 жасар жігіт "Баварияға" ауысты

Мюнхендік «Бавария» ұжымы дортмунтдық Боруссияның және Германия ұлттық құрамасының 20 жасар жартылай қорғаушысы Марио Гетцені сатып алды. Гетце жаңа командасымен келісім-шартқа отырып үлгерді. Сауда құны – шамамен 37 миллион евро.

Бавария командасындағы Гетценің бағасы жылына 7 миллион евроны құрады. Дортмундық Боруссия командасында ол жылына 5 миллион евро алып отырған. Негізі бұл ойыншының «сары жолақтылармен» келісім-шарт мерзімі 2016 жылға дейін. Осы маусым аяқталысымен, Марио Гетце толықтай мюнхендік Бавария командасының ойыншысы атанбақ.

Гетце - «Боруссияның тәрбиеленушісі». Негізгі құрамада ойнаған мерзімі - 2009 жыл. 2012-2013 жылдар аралығында Бундеслигада 28 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанған.

Ал Германия ұлттық құрамасында 2010 жылдан бастап өнер көрсетуде. Барлығы - 22 ойында 5 гол соққан. 21 жасар Гетце Еуропадағы  ең үздік футболшыға берілер сыйлықты жеңіп алды. 

сурет:football.ua 

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига