ӘЧ кезінде қазақстандықтар интернеттен көп іздеген футболшылар рейтингі
Фото: vk.com

ӘЧ кезінде қазақстандықтар интернеттен көп іздеген футболшылар рейтингі

Яндекс сарапшылары ӘЧ кезінде қазақстандықтар көп іздеген футболшылар мен кездесулер рейтингін жасады. Оны жасауға 14 маусым мен 15 шілде аралығында интернеттегі белсенділік негізге алынған.  

Сонымен, жеке футболшылар тізімін Криштиану Роналду бастаса, екінші орынға Лионель Месси тұрақтаған. Аргентина құрамасының капитаны туралы ақпарат Португалия құрамасының капитаны туралы мәліметке қарағанда екі есе аз ізделген екен. Үштікті Неймар қорытындылайды. Бір қызығы алғашқы ондыққа Ресей құрамасының 4 бірдей футболшысы іліккен екен. Олар: Акинфеев, Дзюба, Черышев, Фернандес. Толық тізім төмендегідей:

1. Криштиану Роналду (Португалия)

2. Лионель Месси  (Аргентина)

3. Неймар  (Бразилия)

4. Игорь Акинфеев  (Ресей)

5. Артём Дзюба (Ресей)

6. Денис Черышев (Ресей)

7. Марио Фернандес (Ресей)

8. Мохамед Салах (Мысыр)

9. Лука Модрич (Хорватия)

10. Антуан Гризманн (Франция)

Ал, көп қаралған ойындар рейтингі мына кестеге сай келеді:

1. Ресей – Хорватия

2. Испания – Ресей

3. Уругвай – Ресей

4. Франция – Хорватия

5. Ресей – Египет

6. Ресей – Сауд Арабиясы

7. Хорватия – Англия

8. Франция – Бельгия

9. Франция – Аргентина

10. Португалия – Испания

А. Оралқызы