Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Әлем чемпионаты - 2018 / Үшінші орынға қай құрама лайық?

Үшінші орынға қай құрама лайық?

Үшінші орынға қай құрама лайық?

Дүниежүзінің футбол жанкүйерлері бүгінде Ресей аумағында. Хабардарсыз, футболдан іріктелген ең үздік 32 елдің құрамасы Ресей жерінде бақ сынасып, бүгінде сол 32-ден дараланып 4 команда жүлделі орынға таласып жатыр. Франция мен Хорватия өз жолына кесе көлденеңдеген барлық топты ойсырата ұтып, финалдық кездесуге жолдама алды. Ал, олардан соңғы ойында жеңіліс тапқан Бельгия мен Англия құрамалары бүгін жүлделі үшінші орын үшін бақ сынасады.

Болжам жасаушылар Бельгия мен Англияны алтын жүлдеге лайық құрамалар деп баға берген еді. Алайда, ақтық ойынға шығар соңғы кезеңде сүрінген қос құрама "Әлем чемпионы" атағына ие болу бақытынан қағылды.

Белгия мен Англия осыған дейін 22 рет кездескен. Осы кездесулердің 15-нде ағылшындар жеңіске жетсе, тек 2 ойында Бельгия құрамасы жеңген. Бірінші жеңіс сонау 1936 жылғы жолдастық кездесуде, екіншісі биылғы чемпионаттың топтық кезеңіндегі Белгияның басым болуы.

Бүгінде әлемдегі ең танымал спорт түріне айналған футболдың отаны Англия болса да ағылшындар әлем чемпионатының чемпиондық атағына соңғы рет 1966 жылы қол жеткізіпті. Сол уақыттан бері бұл биіктікті бағындыра алмай келеді.

Ал бельгиялықтар бүгінге дейін әлемдік додада үздік үштіктен де көрінген емес. Соңғы рет 1986 жылы үшінші орынға таласу үшін алаңға шығып, француздарға 2:4 есебімен есе жіберген.

Жүлделі үшінші орын сарапқа салынатын матч Санкт-Петербург қаласында өтеді. Кездесуді әдеттегідей «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге толық мүмкіндік бар. Ал, биылғы чемпионаттың соңғы ойыны ертең Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында өтпек.

Естеріңізде болса, 1/4 кезеңдік ойындар басталарда Massaget журналистері қоғамдық сауалнама жүргізген еді. Бұл видеодағы Алматы халқының болжамы бойынша, әлем чемпионы болу басымдығы Францияға ауып тұр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Gismeteo
Қосылған күні: 14 шілде 2018, 14:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.