Ширек финалға шыққан барлық құрама белгілі болды

Ширек финалға шыққан барлық құрама белгілі болды
Фото: vk.com

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан барлық құрама белгілі болды. Бүгін өткен соңғы екі ойында Швеция мен  Англия құрамалары келесі кезеңге өтті.

Швеция 1/8 финалда Швейцарияны жарыс жолынан шығарды. Санкт-Петербургте өткен ойында шведтер 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 63 минутта Эмиль Форсберг соқты. Оның тепкен добы швейцариялық футболшы Мануэль Аконджидің аяғына тиіп, қақпа торынан бір-ақ шықты.

Ойынның соңғы минуттарында Швейцария құрамасы сапынан Михаэль Ланг алаңнан қуылып, шведтер пенальти тебуге мүмкіндік алды. Артынша видеоқайталауды қарап, айып соққысын белгіледі. Нәтижесінде 1:0 есебімен ойын аяқталды.

1/8 финалдағы соңғы ойында Колумбия мен Англия құрамалары кездесті. Негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, қосымша уақытта да бір-біріне басымдығын байқата алмады. Қорытындысында ширек финал жолдамасы пенальти сериясы бойынша анықталды. Колумбия құрамасы сапынан Уриба мен Карлос Бакка пенальтиді сәтті орындай алмады. Ағылшындардан Хендерсон қателесті.

Ширек финалда Англия Швеция құрамасымен кездеседі. Сондай-ақ бұл кезеңде Ресей – Хорватия, Бразилия – Бельгия, Франция – Уругвай құрамалары арасындағы ойындар өтеді.

Ө. Сансызбай