Уругвайдан ұтылған Португалия да еліне қайтады

Уругвайдан ұтылған Португалия да еліне қайтады
Фото: vk.com

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Уругвай құрамасы Португалияны 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Сочиде өткен кездесуде Эдинсон Кавани дубль жасады. Алайда 74 минутта сұрмерген жарақат алып, ойынды ерте аяқтады. Ал португалдықтардың бір голын Пепе соқты.

Ширек финалда Уругвай Аргентинаны жарыс жолынан шығарған Франциямен кездеседі.

Ө. Сансызбай