Колумбия мен Жапония 1/8 финалға шықты

Колумбия мен Жапония 1/8 финалға шықты
Фото: fifa.com

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында "Н" тобындағы ойындар аяқталды. Колумбия мен Жапония құрамалары 1/8 финалға жолдама алды.

Топтағы соңғы турда колумбиялықтар Африка құрлығынан келген Сенегал құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы маңызды голды 74 минутта Йерри Мина соқты.

Әлем чемпионатын ерте аяқтаған Польша құрамасы соңғы ойында жапондарды ұтты. 60 минутта Ян Беднаректің соққан голы поляктарға жеңіс сыйлады.

Сонымен "Н" тобында 7 ұпаймен Колумбия құрамасы 1-ші орын алды. Екінші орынды жапондар иеленді. Олар fair-play нәтижесі бойынша екінші жолдамаға ие болды.

Ө. Сансызбай