Иран жанкүйерлері Роналдуға ұйқы бермей қойды

Иран жанкүйерлері Роналдуға ұйқы бермей қойды

Футболдан Иран ұлттық құрамасының жанкүйерлері Португалия құрамасы ойыншылары мен Роналдудың ұйқысын бұзып, мазасын қашыруға тырысты, - деп жазады Globoesporte.

Ирандық жанкүйерлер Саранскіде португалдық ойыншылар тұрақтаған қонақүй маңына жиналып, айқай-шуға басқан. Кейіннен Роналду қонақүй терезесіне келіп, фанаттарды сабырға шақырған. Ұйықтап жатқанда мазаларын алмауды өтінген.

Айта кетейік, Португалия мен Иран бүгін "В" тобында бір жолдамаға таласатын болады. Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. Тікелей эфирде "Qazaqstan" ұлттық арнасы көрсетеді.

Ө. Сансызбай