Массагет бәйгесі. Бүгін "А" және "В" топтарындағы ойындар аяқталады

Массагет бәйгесі. Бүгін "А" және "В" топтарындағы ойындар аяқталады
Фото: Getty Images, AP, google.kz

Бүгін футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі "А" және "В" топтарындағы ойындар аяқталады. Осы ойындармен қатар Massaget.kz сайты Huawei компаниясы демеушілігімен ұйымдастырған болжамдар бәйгесі де жалғасады. Бүгін ойнайтын құрамалар жайлы аз-кем ақпарат ұсынамыз.

Сауд Арабиясы - Египет

Екі құрама да екі ойыннан кейін мундиальды топтық кезеңде аяқтайтыны анық болды. Себебі қазір бұл командалардың қоржынында бірде-бір ұпай жоқ. Қай жеңгені топта үшінші орын алады. Басты мотивация - осы ғана.

Сауд Арабиясы Ресей мен Уругвайға қарсы ойында ұпай алмақ түгілі, әлі гол да соққан. Египеттің еншісінде 1 гол бар. Оны Ресейге қарсы ойында Мұхаммед Салах соққан еді.

Мысырлықтар сапында қақпашы Эссам эль-Хадари алаңға шықса, әлем чемпионатына қатысқан ең егде футболшы атанады. Оның жасы қазір 45-те.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Сауд Арабиясы: Асер Аль-Мусайлим; Али аль-Булайхи, Усама Хаусави, Мухаммед аль-Бурайк, Ясир аш-Шахрани; Салман аль-Фарадж, Абдаллах Утаиф, Хусейн аль-Мукахви, Салем ад-Даусари, Хатан Бахбир; Муханнад Асири

Египет: Эссам эль-Хадари; Али Габр, Ахмед Хегази, Ахмед Фатхи, Мұхаммед Абдельшафи; Тарик Хамед, Мұхамед эль-Нени, Махмуд Трезеге, Абдалла Саид; Мұхамед Салах, Марван Мухсин

Ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Уругвай - Ресей

"А" тобында бірінші орын үшін өтетін кездесу тартысты болмақ. Екі құрама да 6 ұпайдан иеленіп тұр. Екі ойыннан кейін Уругвай екі гол соқса, ресейліктер 8 гол соғып үлгерді. Қай жеңгені топта бірінші орын алады.

Оңтүстік Америкадан келген құрама сапынан бүгін Хосе Хименес жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Ал ресейліктер алғашқы ойында-ақ жарақат алған Алан Дзагоевты алаңнан көрмейді.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Уругвай: Муслера, Касерес, Годин, Коатес, Варела, Торрейра, Весино, Бентакур, Санчес, Кавани, Суарес.

Ресей: Акинфеев, Жирков, Игнашевич, Кутепов, Фернандес, Зобнин, Газинский, Черышев, Головин, Самедов, Дзюба.

Бұл топтағы екі ойын да Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетілім тарататын болады.

Иран - Португалия

Иран құрамасының ойыны көптің көңілінен шығып-ақ келеді. Испанияға қарсы жүйелі ойынын көрсетті. Тіпті, гол соққан да еді. Бірақ қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын аңғарып, голды есепке алмады.

Португалия топтағы екі ойында да жылдам гол соқты. Роналду осы әлем чемпионатында бар шеберлігін көрсетіп жүр. Командаластары футболшыға зор сенім артатын болады. Оған қалай да пас жеткізуге тырысатындары анық.

Иран құрамасы бүгін жеңіске жетсе ғана, топтық кезеңнен шыға алады. Ал Португалияны тең есеп те қанағаттандырады. Сондықтан бүгін қос құрама арасындағы ойын жасыл алаңдағы өмір үшін шайқас болмақ.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Иран: Бейранванд, Сафи, Пурлиганджи, Хоссейни, Резаеян, Эзатолахи, Ансарифард, Амири, Эбрахими, Джаханбахш, Азмун

Португалия: Патрисиу, Пепе, Фонте, Седрик, Геррейру, Моутинью, Карвалью, Бруну Фернандеш, Роналду, Андре Силва, Гуедеш.

Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan арнасы көрсетеді.

Испания - Марокко

"Қызыл фурияның" топтан шығу мүмкіндігі жоғары. Ал Марокко плей-оффтан үмітін үзген. Екі ойында да ұтылып, үн-жырғасы түсті. Бірақ командалық ойыны барын байқатты.

Егер Иран бір доп басымдығымен Португалияны ұтып, марокколықтар испандарды екі доп айырмасымен ұтатын болса, жағдай басқа болмақ. Ол кезде Испания құрамасы плей-офф жолдамасынан тыс қалатын болады. Бірақ қызыл фурия бұл мүмкіндіктерін пайдалана алмайды деп сену қиын.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Испания: Де Хеа, Альба, Рамос, Пике, Карвахаль, Коке, Тьяго, Иско, Силва, Коста, Аспас

Марокко: Мұхамед, Ашраф, Саисс, Бенатия, Мендил, Аль-Ахмади, Зиеш, Буссуфа, Беланда, Амрабат, Бутаиб

Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport ұлттық арнасы көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін порталымыз болжамдар бәйгесін (ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын. Болжамдарды төмендегі "пікір білдіру" алаңына қалдырасыздар. Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпке өзгертуге болмайтынын ескертеміз. 

Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі – Huawei. Бірінші орын алған жеңімпаз Р20 Lite смартфонына ие болады.

Болжамдар бәйгесіне бүгіннен бастап та қатыса берсеңіздер болады. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

Болжамдар бәйгесінің ережесі

Ө. Сансызбай