Геннадий Головкин Мексика құрамасының жеңісін атап өтті

Геннадий Головкин Мексика құрамасының жеңісін атап өтті
Фото: express-k.kz

Ресейдегі әлем чемпионатында Мексика Оңтүстік Кореяны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Бұл жеңісті отандасымыз Геннадий Головкин де атап өтіпті. 

WBC, WBA (Super) және IBО тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық футболкамен түскен суретін Twitter желісіне Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман жариялаған.

"GGG Мексика командасының әлем чемпионатындағы жеңісін атап өтті. Біздің орта салмақтағы WBC  тұжырымы бойынша ұлы чемпионымыз ", - деп жазды Сулейман.

А. Оралқызы