Массагет бәйгесі. Болжам жаса да, сыйлыққа ие бол!

Массагет бәйгесі. Болжам жаса да, сыйлыққа ие бол!
Фото: russiaunites.com

Бүгін футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі "G", "Н" тобында  екінші ойындар өтеді. Осы ойындармен қатар Massaget.kz сайты Huawei компаниясы демеушілігімен ұйымдастырған болжамдар бәйгесі де жалғасады. Бүгін ойнайтын құрамалар жайлы аз-кем ақпарат ұсынамыз.

Англия – Панама

G тобында Англия айқын фаворит еді. Ағылшындар алғашқы ойындарында жеңіске жетті. Екінші турда еуропалық ұжым плей-офф жолдамасын иеленуі бек мүмкін.  Бірақ алғашқы ойынын Туниске қарсы ойнаған ақсүйектер соншалықты ұжымдық ойын көрсете алды деп айта алмаймыз. Ойын соңына 4 минут қалғанда Гарри Хейннің баспен салған  голы тактикалық жеңіс емес жәй ғана кездейсоқ соғылған гол еді.

Ал "G" тобындағы алғашқы ойында Панама құрамасы Белгияға ұтылып қалды. Сочиде өткен кездесуде еуропалық құрама Панаманы аяған жоқ, 3:0 есебімен ұтты. Әлем чемпионатына алғаш қатысып жатқан Панама құрамасының да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ команда ойыншылары пайдалана алған жоқ.

Англия құрамасынан Делле Алли жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыса алмауы мүмкін.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Панама: Пенедо –  Мурильо, Торрес, Эскобар, Дэвис, – Гомес – Барсенас, Купер,  Годой, Родригес – Перес.

Англия: Англия: Пикфорд - Магуайер, Стонуз, Уолкер – Хендерсон, Янг, Триппьер –  Лингард, Лофтус‑Чик  - Рэшфорд, Кейн.

Бұл ойында футбол эксперттері ақсүйектер айқын басымдықпен жеңеді деп отыр.

Ойын Астана уақытымен  сағат 18: 00-де Нижний Новгород қаласында «Нижний Новгород» стадионында өтеді. Кездесуді тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Жапония – Сенегал

Топтық турнирдің бірінші айналымында екі команданың да ұпайы 2: 1 есебімен жеңіске жетті. Жапон колумбиялықтарды, ал сенегалдықтар – поляктарды жеңді. Cаранскіде өткен ойында самурайлардың саны басым болды. Себебі 3 минутта өз қақпасы алдында қолмен ойнаған Карлос Санчес алаңнан қуылды.  10 ойыншымен қалған Колумбия Жапондарға қарсы тұра алмаған еді.

Ал, Мәскеуде өткен кездесуде Африка құрлығынан келген құрама жеңіске жетті. 37 минутта поляк қорғаушысы Тьяго Ционек допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды. Ал 60 минутта Польша құрамасы ойыншылары қателесіп, екінші голдың өз қақпаларына соғылуына себепкер болды. Алаң жиегінен ойынға оралған Мбайе Ньянг бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып кетті. Ойын соңында, дәлірек айтсақ 86 минутта жартылай қорғаушы Гжегож Крыховяк есепті қысқартты. Сенегал ойыншылары одан кейінгі уақытта сәтті қорғанып, таразы басын теңестіруге мүмкіндік бермеді.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Жапония: Кавасима – Нагатомо, Содзи, Йосида, Сакаи –Сибасаки, Хасебе – Инуи, Кагава, Харагути.

Сенегал: Н'Диайе – Ваг, Кулибали, Сане, Сабали – Н'Диайе, Гейе – Сарр, Мане – Диуф, Ньянг

Мамандар бұл кездесуде сенегалдықтарға сәл ғана басымдық беріп тұр.

Ойын Астана уақытымен  сағат 21: 00-де Екатеренбург қаласында «Екатеренбург Арена» стадионында өтеді. Кездесуді тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Польша – Колумбия

Польша құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіне қиындықсыз шыққан еді. Е тобында поляктар Дания, Черногория, Румыния, Армения және Қазақстанмен кездесу өткізіп 30 ұпайдың 25-ін қанжығасына байлаған болатын. Алайда Ресейдегі алғашқы ойынын  Адам Навалька командасы сәтті бастамады. Сенегалдан (1: 2) жеңіліс тапты.

Ал Колумбия ұлттық құрамасы КОНМЕБОЛ аймағындағы іріктеу тобында тек төртінші орынға ие болған еді. Хосе Пецерман командасы Перу мен Чилиден бір ұпайдан еншілеп, әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Колумбиялықтар да чемпионатты сәтсіз бастап самурайлардан (1:2) ұтылып қалды.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Польша: Щенсны - Рыбус, Чонек, Паздан, Пищек - Зелински, Крыховяк - Гросицки, Милик, Блащиковски – Левандовски

Колумбия: Давид Оспина – Х.Мохика О.Мурильо, Д.Санчес, С.Арьяс – В.Барриос, Лерма - Куадрадо, Кинтеро, Искьердо - Радамель Фалькао.

Ойын Астана уақытымен  сағат 00: 00-де Казан қаласында «Казан Арена» стадионында өтеді. Кездесуді тікелей эфирде Қазақстан ұлттық арнасы көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін порталымыз болжамдар бәйгесін (ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын. Болжамдарды төмендегі "пікір білдіру" алаңына қалдырасыздар. Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпке өзгертуге болмайтынын ескертеміз.  Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі – Huawei. Бірінші орын алған жеңімпаз Р20 Lite смартфонына ие болады.

Болжамдар бәйгесіне бүгіннен бастап та қатыса берсеңіздер болады. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

Болжамдар бәйгесінің ережесі

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы