Диего Марадона: "Месси ешкімен суретке түсуден бұрын бірер жеңіске қол жеткізуі керек еді"

Диего Марадона: "Месси ешкімен суретке түсуден бұрын бірер жеңіске қол жеткізуі керек  еді"
Фото: twitter.com

Бұдан бұрын жазғанымыздай әлем чемпионатында Аргентина ұлттық құрамасы Хорватиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ойын бітпей жатып-ақ бүкіл БАҚ пен Аргентина жанкүйерлері Месси бастаған ойыншыларға сынды қарша борататыны айтыла бастаған еді.

Аргентина футболының тірі аңызы Диего Марадона ұлттық құрамасының осы жеңілісінен қатты ренжігенін твиттерінде мынадай сөздерімен білдірді: "Лука Модрич өте жақсы ойнады. Біздің ұлттық құрамада осындай ойыншылар болғанын қалар едім. Біздің көшбасшыларымыз өте нашар. Мессиде көшбасшылық қабілеті жоқ.  Ол ешкімен суретке түсіпті. Ешкімен суретке түсуден бұрын бірер жеңіске қол жеткізуі керек еді!", – дейді.


Диего Марадонаның өзі Аргентина — Хорватия ойынын стадионнан тамашалаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше хорваттардан ойсырай ұтылған Аргентинаның плей-оффқа шығу мүмкіндігі алыстай түскен еді. Алайда бүгін Исландияны ұтқан Нигерия жағдайды теңестіргендей болды. Сонымен екінші жолдама иегері соңғы турда шешіледі. 27 маусым күні түнде Аргентина мен Нигерия, Хорватия мен Исландия кездеседі. Хорваттардан кейін екінші жолдаманы иеленуге үш құраманың да мүмкіндігі бар. Тек жеңілмеу керек. Нигерияда 3 ұпай бар. Аргентинамен тең ойнаса, Исландия бір доп айырмасымен жеңіске жетсе де, Африка құрлығынан келген құраманың жолы болмақ. Ұтатын болса жолдама ешқайда қашпайды.

Аргентина плей-оффқа шығу үшін Нигерияны ірі есеп айырмасымен ұту керек. Сондай-ақ Исландия хорваттарды ойсырата ұтпағанын тілейді.

Т. Раушанұлы