Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Әлем чемпионаты - 2018 / Массагет бәйгесі. Болжам жасап, аламанда алға озыңыз!

Массагет бәйгесі. Болжам жасап, аламанда алға озыңыз!

Массагет бәйгесі. Болжам жасап, аламанда алға озыңыз!

Бүгін футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі "G" және "F" топтарындағы екінші ойындар өтеді. Осы ойындармен қатар Massaget.kz сайты Huawei компаниясы демеушілігімен ұйымдастырған болжамдар бәйгесі де жалғасады. Бүгін ойнайтын құрамалар жайлы аз-кем ақпарат ұсынамыз.

Бельгия – Тунис

G тобында Бельгия мен Англия айқын фавориттер еді. Екі құрама да алғашқы ойындарында жеңіске жетті. Екінші турда екі еуропалық ұжым да плей-офф жолдамасын иеленуі бек мүмкін.

Роберто Мартинес шәкірттері G тобындағы фаворит құрама ғана емес, әлем чемпионатында жүлделі орыннан көрінуі мүмкін ұжымдардың бірі. Бір тосынсый жасаса, осы құрама жасауы мүмкін деп күтіп жүргендер бар. 20 ойын қатарынан ұтылмай келеді. Бұл жеңіліссіз сериясын Тунис тоқтатады деп айту қиындау.

Африка құрлығынан келген құрама Англияға қарсы кездесуде жүйелі ойынымен көзге түсті. Қарымта шабуылдағы қайратын көрсетті. Соңғы минуттарға дейін тең есепті ұстап, ойын соңындағы қосымша уақытта барып 1 ұпайды уыстарынан шығарып алды. Бельгияға қарсы да бір ойлағандары бары анық.

Қос құрама өзара үш рет кездескен. Бір рет – Бельгия, бір рет Тунис жеңіске жеткен. Бір кездесу тең аяқталған.

Бельгия құрамасы сапында ойыншылар кездесуге толықтай дайын. Ал Англияға қарсы ойында жарақат алған Тунис қақпашысы Муез Ассен командасына көмектесе алмайды.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Бельгия: Куртуа – Алдервейрелд, Вертонген, Боята – Менье, Витсель, Феррейра-Карраско, Де Брюйне – Азар, Мертенс, Лукаку

Тунис: Бен Мустафа – Бронн, С. Бен Юсеф, Мериах, Маалул – Бадри, Скири, Сасси – Бен Амор, Ф. Бен Юссеф, Хазри

Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Ойынға америкалық төреші Жаир Марруфо қазылық жасайды.

Оңтүстік Корея – Мексика

Бірінші ойында соңғы әлем чемпиондары Германияны ұтқан Мексика сенсация жасады. Жанкүйерлер мексикалықтардан мұндай тосынсый күтпеген еді.

Оңтүстік Корея құрамасы болса бірінші ойында Швецияға есе жіберді. Бүгін тағы ұтылатын болса Азиядан барған құрама мундиальды топтық кезеңде аяқтайды.

Букмекерлік орталықтар Мексиканы айқын фаворит санауда. Германияға қарсы өткен кездесу секілді жүйелі ойынын көрсететін болса, мексикалықтардың мысы басым болуы бек мүмкін.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Оңтүстік Корея: Хюн У, Ен Гвон, Чен Су, Ли Ен, Мин У, Сон Ен, Джа Чхоль, Джэ Сон, Сон Хын Мин, Син Ук, Хи Чхан.

Мексика: Очоа, Морено, Лаюн, Айяла, Гальярдо, Сальседо, Гуардадо, Эррера, Эрнандес, Вела, Лосано.

Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетеді. Кездесуге серб төрешісі Милорад Мажич қазылық жасайды.

Германия – Швеция

Бүгін жанкүйерлер асыға күтетін кездесудің бірі – Германия мен Швеция ойыны. Немістер алғашқы ойында ойда-жоқта Мексикадан ұтылды. Ал шведтердің 3 ұпайы бар.

Сочиде өтетін ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетеді.

Швециямен ойын алдында Германия құрамасы тілшілермен баспасөз жиынын өткізді. Швед журналистерінің бірі Сами Хедираға еліне қайтар билет үлгісін табыс етіп, "осы ойыннан кейін еліңе қайтасың" деп мұқатты. Футболшы тілшінің бұл әрекетіне наразылығын білдірді. Шведтер неміс ойыншыларына осылай да психологиялық қысым жасағысы келген де секілді.

Ойынға негізгі құрамда шығуы мүмкін футболшылар:

Германия: Нойер, Киммих, Боатенг, Шюле, Гектор, Горецка, Кроос, Мюллер, Озил, Ройс, Вернер

Швеция: Ольсен, Лустиг, Янссон, Гранквист, Аугустинссон, Клаессон, Ларссон, Экдаль, Форсберг, Тойвонен, Берг

Ойынға поляк төрешісі поляк Шимон Марчиняк қазылық жасайды.

Айта кетейік, осыған дейін порталымыз болжамдар бәйгесін (ережесімен осы сілтемеге өтіп таныса аласыз) жариялаған болатын. Болжамдарды төмендегі "пікір білдіру" алаңына қалдырасыздар. Бүгінгі ойындарға болжам жасау ойындардың басталуына 5 минут қалғанда тоқтатылады (Егер мүмкін болса төрт ойынға бірден болжам жасағандарыңыз абзал болар еді). Одан кеш жарияланған болжамдар есепке алынбайды. Сондай-ақ бір болжам жасағаннан кейін аты-жөндеріңізді ауыстыруға, өзге қаріпке өзгертуге болмайтынын ескертеміз. 

Биылғы Mассагет бәйгесінің бас демеушісі – Huawei. Бірінші орын алған жеңімпаз Р20 Lite смартфонына ие болады.

Болжамдар бәйгесіне бүгіннен бастап та қатыса берсеңіздер болады. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!

Болжамдар бәйгесінің ережесі

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

95
Рейтинг: +2

Фото: google.kz
Қосылған күні: 23 маусым 2018, 11:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.