Дания мен Аустралия тең тарқасты

Дания мен Аустралия тең тарқасты
Фото: fifa.com

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Дания мен Аустралия құрамалары тең тарқасты. Cамарада өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Ойынның 7 минутта Кристиан Эриксен гол соғып, Дания құрамасын алға шығарды.

Алайда бірінші тайм соңына қарай жасыл құрлықтан келген құрама таразы басын теңестірді. Бас төреші Антонио Матеу Лахос видеоқайталауды (VAR) қарап, даттар қақпасына пенальти белгіледі. Доп Юссуф Поульсеннің қолына тиген. 11 метрлік айып соққысынан Миле Йединак мүлт кеткен жоқ.

Кездесуде 1:1 есебі сақталып, командалар бір-бір ұпайдан бөлісті. Бұл топтағы екінші ойын Франция мен Перу құрамалары арасында өтеді.

Ө. Сансызбай