Мексика құрамасы әлем чемпиондарын ұтты

Мексика құрамасы әлем чемпиондарын ұтты
Фото: vk.com

Әлем чемпионатының "F" тобындағы алғашқы ойында Мексика құрамасы Германияны 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды.

2014 жылы Бразилиядағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған немістер топтағы жарысты сәтсіз бастады.

Мексика құрамасына жеңіс сыйлаған голды 35 минутта Ирвинг Лозано соқты. 23 жастағы ойыншы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, гол соғып көзге түсті.

Бұл топтағы екінші ойын Швеция мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында ертең өтеді.

Айта кетейік, Массагет порталы болжамдар бәйгесін ұйымдастырып жатыр. Германия мен Мексика құрамалары арасындағы ойын есебін ешбір қатысушы дәл таппады. 

Ө. Сансызбай