Геннадий Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады

Геннадий Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады
Фото: Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ертең Ресейде басталатын әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында айта кетті.

Генаны Мәскеуге демеушілерінің бірі шақырған. Құрметті қонақ ретінде мундиальдың ашылу салтанатына қатысады. Спортсүйер қауым төрт жыл күткен футбол мерекесі Мәскеудегі Лужники стадионынан бастау алады. Ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Артынша Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді.

Геннадий Головкин спорт әлеміндегі ең беделді жарыстарға құрметті қонақ ретінде шақырылып келеді. Жақында ғана ұлымен бірге 2018 жылғы Стэнли кубогының шешуші ойынын тамашалаған болатын.

О. Сансызбай