Швейцариялық азамат Ресейдегі әлем чемпионатына трактормен барады

Швейцариялық азамат Ресейдегі әлем чемпионатына трактормен барады
Фото: m.yukle.mobi

Швейцариялық азамат Вернер Циммерманн Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатына трактормен баруды жоспарлап отыр.

Оның айтуынша, бұл идея досымен бірге Швейцария – Солтүстік Ирландия ойынын тамашалағанда туған. Кейін олар ұлттық құрамасы Әлем Чемпионатында өздерінен алыс емес 1800 шақырым жердегі Калининград қаласында ойын өткізетінін білгенде бұл істі жүзеге асыруды жоспарлаған.

Циммерманн және оның екі досы трактормен Вицнаудан Калининград қаласына бармақшы. Жолға 2 апта жұмсап, олар ұлттық құрамасын қолдау мақсатында 22 маусымдағы Швецария – Сербия ойынына дейін жетіп баруды көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында кезекті рет Ресейде өтеді. Матч Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург қалаларында 12 стадионда өтеді. Әлем чемпионатында Швейцария ұлттық құрамасы E тобында Бразилия, Коста-Рика және Сербия командаларымен ойнайды.

Т. Раушанұлы