Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын қай арналар көрсетеді?

Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын қай арналар көрсетеді?

Футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатының басталуына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Ал қазақстандық жанкүйерлер дүбірлі доп додасын қай арналардан тамашалай алады?

Футболсүйер қауым елімізде әлем чемпионатының ойындарын Qazaqstan және QazSport телеарналарынан көре алады. Бұл арналар елімізде көрсету құқығын иеленген. Әлем чемпионаты ойындарынан бөлек, өзге жобалар да қолға алынатын болады.

Әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Дүбірлі доп додасына Еуропадан Ресей, Франция, Португалия, Германия, Сербия, Польша, Англия, Испания, Бельгия, Исландия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Дания құрамалары қатысады.

Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды.

Азиядан әлем біріншілігінде Аустралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары бақ сынайды. 

Африка құрылығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтүстік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар