Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Хрусталева "Көк Жайлау" шипажайының салынуына қарсы

Хрусталева "Көк Жайлау" шипажайының салынуына қарсы

Хрусталева

Жақында Алматыдағы "Көк Жайлау" шатқалында арнайы шипажайдың салынатындығы хабарланған болатын. Концепцияны дамытуға 350 миллион теңге бөлініп, құрылыс үшін 700 миллион теңге жұмсалғалы отырғандығы белгілі болған еді.

Ванкуверде өткен Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Елена Хрусталева бұл жобаның олқылықтарын атап көрсетіп, құрылыстың басталуына қарсы екендігін айтты. 

Оның айтуынша, бұл шатқалдың баурайы шамадан тыс жатық және трасса тым қысқа. Халықаралық жарыстарды былай қойған күннің өзінде, жасөспірімдер арасында да ешқандай сайыстың өтуіне мүмкіндік жоқ  деп өз алаңдаушылығын білдіріп отыр. Оның үстіне қар жыл бойына тек 2-3 ай ғана жатады екен. Жастарды осы спорт түріне баулуды мақсат қылып қояр болсақ, бұл іске ерекше жауапкершілікпен қараған жөн дейді. 

Онымен қоса, қазіргі жұмыс істеп тұрған тау шаңғысы шипажайларының жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Олимпиада жүлдегерінің айтуы бойынша, біріншіден, бағалары тым қымбат, екіншіден, қарапайым жүргіншілер немесе велосипедшілер үшін жағдай жасалмаған. Мысалға Еуропалық шипажайларды келтіре отырып, "Кез келген өзін-өзі сыйлайтын мемлекеттің барлық нәрсені жан-жақты ойластырып жасағаны жөн," - деді Елена Хрусталева.

сурет: alaman.kz

2119 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
14 наурыз 2012, 16:27

Енді қайдан салынсын деп отыр жүлдегер ханым? ) Меніңше, жоба құрылысы бітпейінше, артық-ауыз әңгіме айту дұрыс емес.

+0
15 наурыз 2012, 09:45

Мен де қарсымын

+0
15 наурыз 2012, 09:55

Қар-сы-мын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...