"Қазақстанда мемлекеттілік жоқ". Спортшы даулы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді

"Қазақстанда мемлекеттілік жоқ". Спортшы даулы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде қазақстандық таэквондошы Глеб Лымарьдың атынан жазылған пікір тарады. Онда Қазақстанның мемлекеттілігі жоқ екені айтылады. Алайда спортшы осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, парақшасына шабуыл жасалғанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Глеб Лымарьдың айтуынша, оның әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасалған әрі бұғатталған. 

"Барлық қазақстандықтан кешірім сұрағым келеді. Парақшама шабуыл жасалды және бұғатталды. Онда айтылған нәрсе Қазақстан азаматы ретінде де, спортшы ретінде де беделіме нұқсан келтірді. Өзім спортшымын, Қазақстан құрамасы сапында болдым. Түсіндіңіздер деп ойлаймын. Алға, Қазақстан!" - деді спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "JAMBYL-TARAZ" PRODUCT (@jambyltaraz_product)

Айта кетейік, Глеб Лымарь - таэквондошы. Ол - 2016 жылғы әлем чемпионы, Алматыда өткен Азия чемпионатының чемпионы және күміс жүлдегері, Моңғолияда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова