Еуропа чемпионаты іріктеуінің бірінші голын Қазақстан құрамасы соқты

Еуропа чемпионаты іріктеуінің бірінші голын Қазақстан құрамасы соқты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі басталды. Жарыстағы алғашқы голды Қазақстан құрамасы ойыншысы Максим Самородов соқты. Алайда ойында 1:2 есебімен қарсыластарына есе жіберіп алды. 

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама топтағы бірінші ойынын Словенияға қарсы өткізуде. 24 минутта Ян Вороговскийдің әуелете асырған добын Максим Самородов қақпаға баспен дәл бағыттады. Ян Облак бұл допты қайтара алған жоқ. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бірінші таймды 1:0 есебімен ұтып шықты. 

Қазақстан құрамасы үшін екінші тайм сәтсіз басталды. 47-минутта Давид Брекало таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Жан Випотник Словения құрамасына жеңіс сыйлаған голды соғып, топтағы алғашқы 3 ұпайын еншілеп қайтты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасымен бір топта Солтүстік Ирландия, Дания, Финляндия, Сан-Марино құрамалары бар. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай