"Оның қарапайымдылығы ұнады". Шавкат Рахмонов Тоқаевпен кездесуі туралы айтты

"Оның қарапайымдылығы ұнады". Шавкат Рахмонов Тоқаевпен кездесуі туралы айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмонов Instagram желісінде елордадағы Наурыз мейрамында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгіменің мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Астанада Қазақстан Республикасының Президентімен кездестім. Кездесу барысында оның қарапайымдылығы маған қатты ұнады. Ол кездесеміз, жеке қабылдаймыз деді. Өте қуаныштымын. Алға, Қазақстан!", -деді Шавкат Рахмонов.

Тоқаев пен Рахмоновтың кездесуі бір күн бұрын Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара кезінде өтті.

Тоқаев спортшымен амандасып, қолын қысты.

"Жарайсың, біз сені мақтан тұтамыз, жақында міндетті түрде қабылдаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 5 наурызда Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Т. Раушанұлы