Елена Рыбакина АҚШ-тағы жеңісінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Елена Рыбакина АҚШ-тағы жеңісінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Instagram/lenarybakina

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жеткеннен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баршаңызға қолдауыңыз үшін рақмет! Қазақстандағы жанкүйерлеріме, жаңа жеңіс пен белеске ұмтылатын жергілікті жігіттер мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Сенім мен көпжылдық қолдауыңыз үшін рақмет", - деп жазды Рыбакина Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elena Rybakina ? (@lenarybakina)

Еске салайық, бұған дейін 23 жастағы спортшы WTA 1000 санатындағы турнирде алғаш рет жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік, кейін Мемлекет басшысы Рыбакинаны бұл жеңісімен құттықтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек