Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: Видеодан алынған кадр

Екінші орта дивизиондағы абсолют әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Instagram-да Suleimen Promotions парақшасында спортшының құттықтау видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Наурыз құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Баршаңызды құшақтаймын!" – деді қазақтың ұлттық бас киімі мен шапанын киген Канело.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

"Әлемге әйгілі боксшы, абсолют чемпион, біздің досымыз Сауль (Канело) Алварес қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Ал Suleimen Promotions ұжымы қазақтың дәстүрі бойынша боксшының иығына шапан жауып, өз құрметтерін көрсетті", - делінген жазбада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек