Елжана Таниева көркем гимнастикадан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

 Елжана Таниева көркем гимнастикадан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін, 20 наурызда Грекия астанасы Афиныда аяқталған көркем гимнастикадан Әлем кубогында қазақстандық Елжана Таниева ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның жаттығуына төрешілер 31.550 балл берді.

Елжана алтын медаль алған германиялық Маргарита Колосова (31.800) мен күміс жүлдегер өзбекстандық Тахмина Икромовадан (31.700) сәл ғана қалып кетті.

Сонымен Елжана лентамен финалда өнер көрсетіп, 4-сатыға тұрақтады (28.650 ұпай). Әлем кубогында тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы іріктеуде 14-орын алып, финалға шыға алмады.

Айта кетейік, мұнда барлығы 13 елдің гимнасты сынға түсті.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан