Тарихи жетістік! Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде топ жарды

Тарихи жетістік! Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде топ жарды
Фото: ©BNP Paribas Open

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жеңімпаз атанды. Финалда беларусь спортшысы Арина Соболенкодан айласын асырып, Australian Open-2023 жарысында кеткен есесін қайтарды. 

Елена қарсыласын 2 сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Бірінші сет 1 сағат 20 минутқа созылып, 7:6 (13:11) есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. Осылайша, рейтингтік 1000 ұпайға ие болды. 

Қазіргі таңда Елена Рыбакина WTA рейтингінде 10-орында тұр. Осы жеңісінен кейін 7-орынға көтеріледі. Ал Арина Соболенко әлемнің екінші ракеткасы. Қазақстандық теннисші қарсыласын алғаш рет ұтты. Бұған дейін төрт рет есе жіберген еді. 

Елена Рыбакина – Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші. Ол жартылай финалда поляк Ига Швентекті жарыстан шығарған еді.

Қазақстандық теннисші жарыстағы жарқын жеңісі үшін 1 262 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай