Әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздарымыз белгілі болды

Әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздарымыз белгілі болды

Бокстан биылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы бекітілді. Нью-Делидегі бәсекеде отандастарымыз 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайтын болады. 

Шаршы алаңдағы бұрымды арулар бәсекесі 14-26 наурыз күндері өтеді. Қазақстан әйелдер құрамы сапында  Әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. 

Қазақстан әйелдер құрамасы:

48 кг. Алуа Балқыбекова
50 кг. Назым Қызайбай
52 кг. Жазира Орақбаева
54 кг. Жайна Шекербекова
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Римма Волосенко
63 кг. Аида Абикеева
66 кг. Надежда Рябец
70 кг. Мәдина Нұршаева
75 кг. Валентина Хальзова
81 кг. Фариза Шолтай
+81 кг. Ләззат Күнгейбаева

Ө. Сансызбай