Оқыс сәт. "Қайрат" футболшысы төрешіні теуіп құлатты

Оқыс сәт. "Қайрат" футболшысы төрешіні теуіп құлатты
Фото: скрин

Футболдан Қазақстан премьер лигасы басталды. І турдағы "Қайрат" пен "Атырау" арасындағы ойында футболшы мен төреші байқаусызда қақтығысып қалып, алаң иелері үшін гол соғуға оңтайлы сәт жүзеге аспай қалды.

Бірінші тайм аяқталар тұста алматылық клуб шабуыл ұйымдастырған. "Атырау" қақпашысы Егор Хаткевич допты қайтарғанмен, өзі қақпадан алға шығып кеткен. Бұл мүмкіндікті "Қайрат" ойыншысы Жоао Пауло ұтымды пайдаланып, гол соғуға ұмтылған. Алайда бас төреші Артем Кучин де осы арада болып, екеуі соқтығысып қалды. Нәтижесінде гол соғылмады, ойын "Атыраудың" шабуылымен жалғасып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Я там где КПЛ (@match.kz_)

Ойындағы бұл сәт алматылық клуб жанкүйерлеріне ұнамағаны анық. Матч соңынан команданың бас жаттықтырушысы Кирил Кекер эмоцияға беріліп, артық сөз айтудан аулақ болуды жөн санайтынын айтты.

Қайта келмейтін сәт жайлы пікір айтқаннан пайда жоқ. Мұндай жағдайда Кучин не істеу керек еді? Оны мен білмеймін, бізде төреші жұмысына баға беретін мықты мамандар бар, солар айтар. Мен қазір эмоцияға беріліп, артық айтқым келмейді, - деді Кекер баспасөз жиынында.

Айта кетейік, ойында "Қайрат" 2:0 есебімен алға шыққан. Кездесу аяқталғанға дейін "Атырау" командасы есепті теңестіріп, 1 ұпай еншілеп қайтты.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай