Нұрқанат Серікбаев әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдесін еншіледі

Нұрқанат Серікбаев әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдесін еншіледі
Фото: fdk.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тәжірибелі Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинге есе жіберді, - деп хабарлайды дзюдо федерациясы.

Нұрқанат Серікбаев жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Алдымен БАӘ өкілі Мутаз Хаужахты, одан кейін әзербайжандық Ровшан Алиевті жеңді. Ширек финалда өзбекстандық Дильшотбек Баратовтан басым түсіп, жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхваимианді иппонмен жеңді.

20 жастағы Нұрқанат Серікбаев ересектер арасындағы алғашқы Grand Slam жарысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол бұған дейін 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam жарысының күміс жүлдегері әлемдік рейтингте 700 ұпайға ие болады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай