Жалақысы 46 миллион болған. Жапониялық футболшы енді Семей намысын қорғайды

Жалақысы 46 миллион болған. Жапониялық футболшы енді Семей намысын қорғайды

Былтыр қайта құрылған семейлік "Елім-ай" футбол клубы жапониялық жартылай қорғаушы Такуя Мацунагамен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

32 жастағы футболшы Эстония, Литва, Индонезия мен Қырғызстан клубтарында өнер көрсеткен. Ол спорттық мансабында 125 матч өткізіп, 8 гол соққан. Сондай-ақ, "Калев" командасы сапында жүріп, Эстония чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, футболшы 2019 жылы 100-ден бастап 125 мың еуроға дейін жалақы алғаны көрсетілген. Ал "Елім-айда" спортшыға қанша жалақы төлейтіні туралы әзірге ақпарат жоқ.

Айбын Алтай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова