35 алтын iPhone. Месси бағалы сыйлықты кімге беретіні белгілі болды

35 алтын iPhone. Месси бағалы сыйлықты кімге беретіні белгілі болды
Фото: ©ФИФА

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Катардағы сәтті ойыны үшін Аргентина құрамасындағы командаластарына алғыс айтуды жөн көрді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спорт-Экспресс" басылымының мәліметінше, Месси ұлттық құраманың 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінің құрметіне 35 алтын iPhone 14 телефонына тапсырыс берген. Лео команданың барлық мүшесі мен қызметкерін былай қуантуды жөн көрген. Ұялы телефондардың жалпы бағасы - 175 000 фунт стерлинг немесе 92,8 миллион теңге. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалында Аргентина Францияны 3:3 (пенальтиде 4:2) жеңді. Месси үшін бұл - әлем чемпионатының алғашқы алтыны.

Жақында ПСЖ шабуылшысы ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы деп танылды.

"Спорт-Экспресс" басылымы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек