Александр Бублик Дубайдағы турнирде ресейлік теннисшіден жеңілді

Александр Бублик Дубайдағы турнирде ресейлік теннисшіден жеңілді
Фото: Reuters

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирінің ширек финалына өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бублик екінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:2 есебімен жеңілді. Кездесу бір сағат бес минутқа созылды.

Айта кетейік, Дмитрий Медведев - "Үлкен Дулыға" турнирінің жеңімпазы. Ал Александр Бублик - Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол ATP рейтингінде 46-орында тұр.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

М. Лұқпан