Серік Сәпиевпен төбелескен балуан мен оның бапкері боксшыдан кешірім сұрады

Серік Сәпиевпен төбелескен балуан мен оның бапкері боксшыдан кешірім сұрады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцманның Серік Сәпиевтен кешірім сұраған видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен ереже бұзып, қателік жасадым. Содан ойында эмоцияға ерік бердім, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіздер. Енді қайталанбайды. Баршаңызға ас-саламу алейкум!" - деді Мұсиханов.

Оның жаттықтырушысы Александр Гольцман да халықтан кешірім сұрады.

"Ас-саляму алейкум! Құрметті қазақстандықтар, кеше менің шәкіртім ойланбай әрекет етті, мен де эмоцияға беріліп, артық сөз айттым. Мен қателестім, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймын. Барша спортшы мен батырымыз, Олимпиада чемпионы, Серік ағаға аса құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтейміз. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, біз жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңіз", - деді Гольцман.

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

С. Бөлек